$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бір қаласында ауа сапасы нашарлайды

Көп қалада метеорологиялық жағдай қолайлы болады

Қазақстанның бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, 8 наурыз күні Көкшетау қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның көп қаласында метеорологиялық жағдай қолайлы болатыны айтылғанымен, Көкшетауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар —атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлардың (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі. Мұндай кезде қалаларда ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Ауа сапасының нашарлауына желдің бағыты мен күші, жауын-шашын, ылғалдылық және температура сияқты факторлар тікелей әсер етеді. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға таза ауада серуендеуді шектеуге, көшеде физикалық жүктемеден аулақ болуға және қорғаныс шараларын қолдануға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары