«Әйелім бар дегенді қою керек»: Блогер Сабина көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Қазір ол актриса ретінде бақ сынап жүр

Атышулы блогер Сабина Мовлаева шығармашылыққа байланысты өз көзқарасын білдіріп, жұртшылықты таңғалдырды. Ол түсірілім барысында әріптестеріне тек кейіпкер ретінде қарайтынын айтып, әйелдерден күйеулерін қызғанбауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен Жеканың артынан жүгіретін қыздың рөлін ойнаймын. Сол кезде Жека кадр сыртында мобилографпен түсіріп жүреді де, «Мені онымен бірге түсіре бермеңіздер, өйткені әйелім бар» деп айтып жүреді. Бірақ менің ойымша, адам шығармашылық жолды таңдаса, «әйелім бар», «күйеуім бар» дегенді қою керек. Бұл – өнер, бұл – жұмыс», – деді блогер.
Сабина шоу-бизнес саласындағы әріптестеріне де үндеу жасап, өнерді жеке өмірмен шатастырмауға шақырды.
«Шоу-бизнестегі барлық ер мен әйелге айтқым келеді: қызғанудың қажеті жоқ. Бұл – тек шығармашылық», – деп қорытындылады ол.
Блогердің бұл пікірі көпшіліктің қызығушылығын тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда.