$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында терроризм мен жиһадты насихаттаған адам 7 жылға сотталды

Ол таныстарына радикалдық діни идеяларды таратқан

Түркістан облысында терроризм мен жиһадты насихаттаған адам 7 жылға сотталды
Фото: © istockphoto.com

Түркістан облысының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы терроризм мен қарулы жиһадты насихаттағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сот материалдарына сәйкес, 2023 жылдың наурыз айынан бастап айыпталушы Telegram арқылы таныстарына радикалдық діни идеяларды және қарулы жиһадқа шақыратын видеоматериалдарды таратқан. Тергеу оның бұл әрекеттерін терроризмді насихаттау деп таныды.

«Айыпталушы Р. өз кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындылары, куәгерлердің айғақтары және өзге де дәлелдер арқылы расталды», — делінген сот хабарламасында.

Мемлекеттік айыптаушы соттан 8 жыл жаза беруді сұрады. Алайда сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары