07.03.2025, 22:10
Жаңалықтар
«Мектеп асханаларында шошқа еті сатылып келген бе?»: оқушыларды тамақтандыру стандарттары өзгерді
Сонымен қатар фастфуд сатуға тыйым салынды
Фото: istockphoto.com
Қазақстандық мектеп асханаларындағы тамақтану нормалары жаңартылды. Жаңа талаптарға сәйкес, 1 қыркүйектен бастап оқушыларға ұсынылатын өнімдерге бірқатар шектеулер енгізіледі. Тиісті бұйрыққа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бутербродтар, нан және нан өнімдері келесі талаптарға сай болуы керек:
- Қара бидай, тұтас дәнді немесе глютенсіз ұннан жасалған нан негізінде дайындалуы тиіс.
- Қатты ірімшік, сары май, шөптер, жаңа піскен немесе кептірілген табиғи дәмдеуіштер, жаңғақтар мен тұқымдар қосылуы мүмкін.
- Көкөністер және/немесе жемістермен толықтырылуы тиіс.
- Тұз, майонез, кетчуп және басқа да соустар қосуға болмайды.
- Қант мөлшері дайын өнім салмағының 5 пайызынан аспауы тиіс.
- Тәттілендіргіштер қолдануға тыйым салынады.
Мектеп асханаларында сатуға тыйым салынған өнімдер:
- Қышқыл сүт өнімдері (айран, сүзбе және қышқыл сүттің басқа түрлері).
- Кілегей қосылған кондитерлік өнімдер.
- Фастфуд (гамбургер, хот-дог, пицца, наггетс, чипс, дәмдеуіш қосылған крутондар).
- Кофе және кофе негізіндегі сусындар.
- Қантты газдалған сусындар, энергетикалық сусындар, концентратталған шырындар, пастерленген жеміс-көкөніс шырындары, хош иісті қоспалары бар су.
Бұдан былай оқушыларға шошқа, қой және бұқа еті берілмейді. Барлық ет өнімдері тек сиыр және жылқы етінен дайындалады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды