07.03.2025, 11:01
Жаңалықтар
Әнші Қарақат Әбілдинаны Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттады
«Парасат» орденімен марапаттағандар тізімі жарияланды
Фото: Instagram/karakat_a
Әнші Қарақат Әбілдинаны президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттағандар тізімі:
- Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
- Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты;
- Құспан Айгүл Сайфоллақызы – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК әншісі-әртісі.
Толық тізімді Ақорданың сайтынан көруге болады.
Айта кетейік, жуырда Қарақат Әбілдинаның күйеуі Қыдырәлі Болмановтың бұрынғы әйелінен туған қызы танымал режиссер Ақан Сатаевтың экс-жұбайымен көңіл жарастырып жүргені туралы сыбыс тарағаны хабарланған.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар
21.08.2026, 09:33
Қазақстандық жасөспірім дзюдодан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)