06.03.2025, 13:34
Жаңалықтар
Қазақстанға гүлдер әлемнің қай елдерінен жеткізіледі
2023 жылы гүл импортының құны 61,2 млн доллардан астам соманы құрады
Фото: istockphoto.com
Ұлттық статистикалық бюроның мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан шетелден жалпы сомасы 93,5 миллион долларға 12,3 мың тонна кесілген гүлдер мен бүршіктер импорттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Салыстырар болсақ, 2023 жылы гүл импортының құны 61,2 млн доллардан астам соманы құрады. Осы сомаға 8,2 мың тонна гүлдер мен бүршіктер әкелінді.
Қазақстанға гүлдер әлемнің 53 елінен жеткізіледі. Негізінен Еуропадан, Оңтүстік Америкадан және Африкадан әкелінді. 2024 жылы ең ірі гүлдер жеткізушілері:
- Эквадор – 6,4 мың тонна,
- Нидерланд – 2,3 мың тонна,
- Қытай – 1,1 мың тонна,
- Колумбия – 978 тонна,
- Кения – 975 тонна.
Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан ТМД елдеріне 1,5 мың тонна гүл шоқтары мен бүршіктер экспорттаған.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
Бүгін, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды