$ 495.95  535.28  5.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да 125 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

34 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

СҚО-да 125 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы жылдың басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады.

«Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңге болатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасуда», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #Прокуратура