ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мен ең болмағанда секс-символ емеспін»: Тәуекел Мүслім құрбысының айыбын бетіне басты (ВИДЕО)

Олар трендке айналған «мен ең болмағанда» ойынын ойнады

«Мен ең болмағанда секс-символ емеспін»: Тәуекел Мүслім құрбысының айыбын бетіне басты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Танымал актер Тәуекел Мүслім «мен ең болмағанда...» ойынын ойнап, журналист Перизат Алпыстың бар айыбын жайып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Трендтегі видеода әріптесі актердің тікелей эфирге 1 секунд қалғанда кіріп келмейтінін айтты. Ал Тәуекел Мүслім журналистің сценарий оқып, дайындалмайтынын, салдарынан сөзден қателеспейтінін бетіне басты.

«Мен ең болмағанда ұятсыз әзіл айтпаймын», - дейді актер.

Оның бұл сырын ашқанына журналист бұртиып, ренжігенін білдірді.

«Мен ең болмағанда секс-символ емеспін», - дейді Перизат Алпыс.

Осыдан кейін журналист эфирдегі әріптесінің курс сатып жүрмейтінін айтқан соң Тәуекел Мүслім ойынды ары қарай жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, осыған дейін танымал актрисалар аталмыш трендті түсіріп, киноға түсу үшін құрбысының жігітімен сүйіскенін айтқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары