$ 495.95  535.28  5.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өз еркімен кетті»: Алматыдан 3,5 мың жігіт әскерге аттанды

30 жас медициналық тексеруден өтті

«Өз еркімен кетті»: Алматыдан 3,5 мың жігіт әскерге аттанды
Фото: istockphoto.com

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл Алматының өзінен 3,5 мың жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге міндеттелген. Бүгін олардың алғашқы легі жолға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

«Анам да, әкем де әскерде қызмет еткен. Солардың жолын жалғастырғым келеді. Қазақстанда, Алматыда туып-өстім, халқымды қорғау – мен үшін үлкен жауапкершілік. Бір жылдан кейін әскери қызметімді жалғастырып, 3-5 жылға дейін қалуды жоспарлап отырмын», – дейді әскерге шақырылушы Мейіржан Жанатбек.

Әскерге аттанған 30 жас медициналық тексеруден өтіп, бойы, салмағы, денсаулығы толық қаралғаннан кейін олар әскерге жарамды деп танылды. Болашақ сарбаздар Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан және Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жіберіледі.

Жігіттер аттанар алдында туыстарымен қоштасып, болашақ қызметіне дайын екендерін білдірді.

«Бүгін әскерге кетіп жатқан жастардың ата-аналарына алғысымды білдіремін. Олар нағыз патриот ұлдар тәрбиелеген. Балалардың бәрі өз еркімен, өз қалауларымен әскерге аттанып барады», – деп атап өтті Алматы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ержан Хамитов.

Серіктес жаңалықтары