$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2020, 01:42
Жаңалықтар

Қордайдағы қақтығыс: 59 адам қылмыстық жауапқа тартылады

8 ақпанда Қордай ауданының үш ауылында екі мыңнан астам адам қатысқан жаппай тәртіпсіздік болды

Қордайдағы қақтығыс: 59 адам қылмыстық жауапқа тартылады
Фото: ашық дереккөзден

Қордайдағы қақтығыс бойынша 59 адам қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«8 ақпанда Қордай ауданының үш ауылында екі мыңнан астам адам қатысқан жаппай тәртіпсіздік болды. Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, оның 10-ы адам қолынан, бір адам жанып жатқан сауда орталығының қирауы салдарынан қайтыс болды. 140 азамат пен 20 полиция қызметкері түрлі жарақат алды. 164 тұрғын үй және сауда объектісі, 100-ден астам автокөлік зақымданды. Жәбірленуші - 342 адам, іс бойынша 400-ден астам түрлі сот сараптамасы жүргізілді, 1,5 мыңнан астам адамнан жауап алынды. Атап өту керек, тәртіпсіздікке қатысушылар мен белсенділер екі жақтан да болды», - деді ол.

Оның айтуынша, қылмыстық жауапқа түрлі ұлт өкілінен 59 адам, оның ішінде қазақтар мен дүнгендер тартылды. 

«Күдіктілердің қатыстылығы куәлардың айғақтарымен, елдімекендерде орналасқан бейнекамера жазбаларымен, сондай-ақ куәгерлердің ұялы телефонға түсірген видеоларымен расталады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары