«Пышақтаймын деп қорқытқан»: қыз зорлаған 17 жасар жігіт сотталды
Оның жазасы 2 жылдан 7,5 жылға ұзартылды

Түркістан облысында 14 жасар қызды зорлаған 17 жастағы жасөспірімге қатысты жаңа үкім шықты. Айыпталушы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
#НеМолчиKZ қорының басшысы Дина Таңсәрі істің жай-жапсарын баяндады. Оның айтуынша, бірінші сатыдағы сот құқық бұзушыға қысқа мерзімге үкім шығарды, ал апелляциялық шағым жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстырды.
Бірақ Жоғарғы сот апелляциялық соттың шешімін бұзып, істі қайта жіберді.
«Апелляциялық сот 14 жастағы қызды зорлаған жігітке қатысты шешімді қайта қарады. 17 жастағы жасөспірім қызды зорлап, өзін-өзі өлтіремін деп қорқытқан. Бұл іс 2023 жылдан бері жалғасып келеді. Біз барлық ақпарат пен дәйекті төрт күн бұрын жарияладық. Алғашында 2 жылға бас бостандығынан айырылса, кейін апелляциялық сот оны 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Нәтижесінде 28 ақпанда сот барлық дәлелдемелерді, скриншоттарды, чаттарды, фотосуреттерді, қорғаушы мен айып тағушы тараптарының дәлелдерін назарға алды және ол оны 7,5 жылға бас бостандығынан айырды», – деді Таңсәрі.
Еске салайық, жан түршігерлік қылмыс жайлы 2023 жылдың қазан айында белгілі болды. Жәбірленуші 9 рет зорлық көрген. Ол 17 жастағы жасөспірімнің пышақпен қорқытып, кәмелетке толмаған қызды онымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін хабарлады.