Оралда зауытты заңсыз бір айға жапқан шенеунікке 190 мың теңге айыппұл салынды
Прокуратура тағы бір былықтың бетін ашты

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында Техникалық реттеу және метрология департаменті 2025 жылдың 22 қаңтарында техникалық регламенттердің бұзылуын негізге алып, «Орал сүт зауыты» ЖШС-нің декларациясын бір айға тоқтатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «МойГород» басылымына сілтеме жасап.
Алайда прокуратураның талдауы бұл шешімнің заңсыз екенін және кәсіпорын қызметіне негізсіз кедергі келтіргенін көрсетті. Департамент өнімдердің құрамында ГМО бар-жоғын көрсетуді талап еткен, бірақ заңға сәйкес бұл таңбалау ерікті сипатқа ие.
Прокуратураның наразылығынан кейін департаменттің бұйрығы жойылды. Сонымен қатар мекеме директоры кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 196 600 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Кәсіпкердің құқықтары толық қалпына келтірілді.