15 жасар әкесі жаңа туған нәрестені өлтірмек болған
Анасы екеуі баланы қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен

Мәскеу облысының Орехово-Зуево қаласында полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені өлтіруге оқталды деген күдікпен 15 жастағы жасөспірімді ұстады. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша басқармасы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметінше, 26 ақпанда жасөспірім кәмелетке толмаған қызбен бірге пәтерде дүниеге келген нәрестені қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген. Өтіп бара жатқан адамдар баланың жылаған дауысын естіп, оны құтқарып қалды.
Ұсталған жасөспірімнің баланың әкесі екені анықталды. Ол РФ Қылмыстық-процестік кодексінің 91-бабынасәйкес қамауға алынды.
Ал нәрестенің анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан, профилактикалық бақылауға алынған. Жақын арада жасөспірімнің бұлтартпау шарасы белгіленеді.