01.03.2025, 04:16
Жаңалықтар
Қазақстанның екі облысында тасжолдар жабылды
Екі облыста да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, көру мүмкiндiгiнiң шектелуi) республикалық маңызы бар 2 учаскесiнде жүк және қоғамдық автокөлiктер үшiн шектеу енгiзiлдi.
«Ақтөбе облысында «РФ шекарасы-Мартук-Актобе-Карабутак-Кызылорда-Шымкент-Тараз-Кордай-Алматы-Хоргос-КХР шекарасы» 776-1240 шақырымы, Ақтөбе қаласы – Қызылорда облысы.
Қызылорда облысы. «РФ шекарасы-Мартук-Актобе-Карабутак-Кызылорда-Шымкент-Тараз-Кордай-Алматы-Хоргос-гр.КХР» 1240-1362 шақырымы, Ақтөбе облысы – Арал қаласы», - делінген хабарламада.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шықпаңыз, сол сияқты жаяу жүрмеңіз.
- Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты назарда ұстаңыз.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді