$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, қар жауып, боран соғады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласына, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Ақмола, Жетісу, Қарағанды ​​облыстарына тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Атырау облыстарында қар жауып, бұрқасын соғады, тұман түседі.

Ұлытау облысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Жамбыл, Ақтөбе облыстарында қар жауып, бұрқасын болады, жел соғады.

Қызылорда облысында көктайғақ, тұман болады.

Шығыс Қазақстан және Абай облысында қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі метеорологиялық жағдай туралы ескерту өзгеріссіз қалады.

Серіктес жаңалықтары