28.02.2025, 23:13
Жаңалықтар
Қазақстандық сноубордшы Қырғызстан тауларында көз жұмды
Ол сноубордта сырғанап жүргенде досымен соқтығысып қалған
Фото: istockphoto.com
27 ақпанда Қаракөл базасындағы шаңғы трассасында оқыс оқиғадан 43 жастағы Қазақстан азаматы қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратты Ыстықкөл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растады.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының мәліметінше, турист сноубордта жүріп, досымен соқтығысқан. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті Ақ-Су ІІБ-нің ақпараттық тіркеу журналына тіркелді.
Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
