27.02.2025, 10:40
Жаңалықтар
Павлодарда мүгедек жігіт із-түзсіз жоғалып кетті
Қазір мүгедек жігітті іздеу жұмысы жүріп жатыр
Фото: Павлодар облысы ПД
Павлодарда үшінші топтағы мүгедек жігіт із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, ол 24 ақпан күні сағат 15.00-де үйінен шығып кетіп, сол қалпы қайтып оралмаған.
«1995 жылы туған, 3-топтағы мүгедек (БЦП, ЗПР) Шакенов Ерлан Асхатұлы үйінен кетіп қалып, қайтып оралмады. Өзімен бірге ұялы телефоны бар. Бұрын да кетіп қалып жүрген. Егер сіздерде қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
- Белгілері: бойы 170 см, дене бітімі орташа.
- Киімі: «REEBOK» деп жазылған қара куртка, қара шалбар, қара аяқ киім.
- Полиция хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті