Дәретханада отырған қыздарды камераға түсіріп алған ба? Назарбаев университетінде шу шықты
Назарбаев университетінде студент жігіт дәретханада отырған қыздарды камераға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады

Назарбаев университетінде студент жігіт 30-ға тарта қыздың дәретханада отырғанын камераға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Trends әлеуметтік желісінде қолданушылардың бірі оқу орнындағы жағдай туралы айтты.
«Назарбаев университетінде студент жігіт дәретханада қыздарды түсіріп алған. Одан түрлі зардап шегушілер түсірілген 30 видео бар. Ол жігітке не болатыны әзірге белгісіз. Университет ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Біз зардап шегушілер үшін әділеттілік болғанын талап етеміз. Репутация үшін үнсіз қалғанды тоқтатыңыздар», - деп жазды decolonized.icon атауын қолданған желі қолданушысы.
Оқу орнындағы жағдайды журналист Михаил Козачков Telegram парақшасында жариялады.
Дегенмен оның бұл айыптауын Назарбаев университеті жауапсыз қалдырған жоқ.
«Қазір осы жағдайға қатысты ішкі тергеу жұмысы жүріп жатыр. Университетте қабылданған ресми тәртіпке байланысты нақты дәлелдері бар база жинақталып жатыр. Біз дәлелді себепсіз ешкімді айыптай алмаймыз. Өзіңіз анықтап тапқан заңбұзушылық бойынша қандай да бір дәлелді ақпаратыңыз болса немесе куәгер болсаңыз университеттің Студенттермен жұмыс істеу департаментіне жүгінуіңіз керек еді», - деп жазды оқу орны.