Астанада жылу трассасы жарылып кетті: әкімдік мәлімдеме жасады
Оқиға Достық көшесінің бойында болды

Астанада Достық көшесінің бойында жылу трассасы жарылып кетті. Оқиғаға қатысты қала әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жеке мердігерлік ұйым ешбір келісімсіз жер жұмысын жүргізу кезінде жылу трассасын бүлдірген.
«Каз форд строй» ЖШС жеке мердігерлік ұйымы Достық көшесі, 8б мекенжайында жер жұмысын жүргізу барысында д-219 жылу трассасына зақым келтірді. Жеке мердігерлік ұйым бұл жұмысты уәкілетті органдардың және «Астана-Теплотранзит»АҚ келісімінсіз өз бетінше жүргізген.
Бұл жылу трассасы «DOSTYK LAND» ЖШС тұтынушысының балансында.
Оқиға орнына «Астана-Теплотранзит» АҚ апаттық бригадасы дереу жетті. Бригада апатты жою жұмысын жүргізіп жатыр», - делінген әкімдік хабарламасында.