26.02.2025, 06:13
Жаңалықтар
Алматыда жарылысқа ұқсас дауыс жұртты шошытты: әкімдік мәлімдеме жасады
Жұртты шошытқан жарылыс дауысы Орталық стадион аумағынан шыққан
Фото: Instagram/f.c.kairat/Видеодан скрин
Алматыдағы Орталық стадион аумағында 25 ақпан күні кешкі уақытта жарылысқа ұқсас дыбыстар естілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
CMN Telegram каналының мәліметінше, әкімдік қала тұрғындарын тыныштандырмақ болды. Белгілі болғандай, бұл – түсірілімге арналған арнайы эффектілер.
«Орталық стадионда фильм түсірілді, оның барысында арнайы эффектілер қолданылды. Барлық жұмыс белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүргізілді. Стадион қалыпты жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады спорт нысандары дирекциясы.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды