$ 501.28  526.19  5.86
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да ірі көлемде есірткі сақтаған адам ұсталды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

ШҚО-да ірі көлемде есірткі сақтаған адам ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

ШҚО-да 4 килограмнан астам марихуана сақтаған адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, ол есірткіні жеке тұтыну мақсатында ірі көлемде сақтаған.

Жедел іс-шаралар барысында одан 4 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Тыйым салынған затты ол өз үйінің аумағында – шатырында және жазғы асүйінде сақтаған.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден бас тартуға шақырады. Әрқайсысымыз азаматтық белсенділік танытып, осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау арқылы қоғамды қауіпсіз ете аламыз», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары