26.02.2025, 00:23
Жаңалықтар
Балаларына алимент төлемей жүрген адам БАӘ-ге барып демалып келген
Ол балаларына 1,6 миллион теңге алимент төлемеген
Фото: istockphoto.com
Маңғыстау облысында жеке сот орындаушысы алимент төлеуден қасақана жалтарған адамға 200 мың теңге үшін елден шығуға салынған тыйымды алып тастады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ол үшін ол талапкердің мәлімдемесін қолдан жасады. Балаларына 1,6 миллион теңге бере алмаған борышкер Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жүрген», - делінген хабарламада.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сотта жеке сот орындаушысы заңсыз сыйақы алу және өкілеттігін асыра пайдалану бойынша кінәсін толық мойындады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 12:39
«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды