Шығыс Қазақстан облысында бір тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды
Өңірде COVID-19 вирусын жұқтырудың 97 жағдайы тіркелген

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«COVID-19 вирусы анықталған науқастардың 19-ы – Семей, 3-еуі – Өскемен, 1-уі – Риддер қаласының тұрғыны. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 21 науқас бұрын коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған, қалған екеуі шет елден (Ресейден) келген бетте тексеруден өткен қазақстандық азаматтар», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған. Риддер қаласы тұрғынының жағдайы карантин және тексеру орны бойынша Шемонаиха ауданына жатқызылды.
Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Өңірде тіркелген 97 жағдайдың 12-сі сырттан әкелінген, 85 – жергілікті жағдай, оның ішінде Өскеменде – 11, Семейде – 76 жағдай, Шемонаиха ауданында сырттан әкелінген – 5, Глубокоеда – 2, Абай, Тарбағатай және Аягөз (сырттан әкелінген) аудандарында 1 жағдайдан тіркеліп отыр.