$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында былтыр ондаған адам бопсалауға ұшыраған

Прокуратура мәлімдеме жасады

Ақмола облысында былтыр ондаған адам бопсалауға ұшыраған
Фото: ҚР ІІМ/Видеодан скрин

Ақмола облысында былтыр ондаған адамның бопсалауға ұшырағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ақмола облысында бопсалаудың тіркелуі 36%-ға қысқарған.

Облыста қылмыстың және маргиналды жастардың ұйымдасқан түрлеріне қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Өткен жылдың сәуір айында өткізілген құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің нәтижелері бойынша топтардың, оның ішінде маргиналды жастардың тәртібін қамтамасыз ету және оларды ажырату бойынша нақты шаралар айқындалды.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткен жылдан бастап құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қылмыстық ортаға байланысты 19 тұлғаның қызметін тоқтатты.

Жүргізіліп жатқан жұмыс бопсалау фактілерін 36%-ға немесе 52-ден 33-ке дейін қысқартуға ықпал етті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары