$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасалды: полиция түсініктеме берді (ВИДЕО)

Түсініктемеде Медеу аудандық полиция бөлімі оқиғаға қатысты шара қолданғаны айтылған

Алматыда арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасалды: полиция түсініктеме берді (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Алматыда үш ер адам қызметте болған Арнайы жедел әрекет ету тобының қызметкерлеріне шабуыл жасады. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Назарбаев даңғылында 22 ақпан күні таңертең төбелес болған. Шақыртуға Арнайы жедел әрекет ету тобының қызметкерлері жеткен. Алайда, оларға агрессивті ер адамдар тап берді. Оқиғаның барысы видеоға түсіп қалған.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан түсініктемеде Медеу аудандық полиция бөлімі оқиғаға қатысты шара қолданғаны айтылған.

«Құқық бұзушылар қоғамдық орынға алкогольдік мас күйде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», - деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары