23.02.2025, 11:13
Жаңалықтар
Қазақстанда 23 ақпанда қандай автожолдар жабық
Алты облыста тоғыз республикалық автожол учаскесі жабылды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар жолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2025 жылғы 23 ақпандағы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша алты облыста тоғыз республикалық автожол учаскесі жабылды.
Жабық жол учаскелері:
Ақмола облысы:
- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» тасжолының 856-915 км (СҚО шекарасы – Жақсы ауылы).
Ақтөбе облысы:
- «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» тасжолының 526-618 км (БҚО шекарасы – Қобда ауылы).
- «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» тасжолының 255-337 км (Қарауылкелді ауылы – Атырау облысы шекарасы).
Атырау облысы:
- «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» тасжолының 337-492 км (Ақтөбе облысы шекарасы – Мақат ауылы).
- «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» тасжолының 492-508 км (Мақат – Доссор кенті).
- «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау теңіз порты» тасжолының 3-120 км (Доссор – Құлсары).
Батыс Қазақстан облысы:
- «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» тасжолының 273-394 км (Барбастау – Жымпиты кенті).
- «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» тасжолының 394-526 км (Жымпиты – Ақтөбе облысы шекарасы).
- «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» тасжолының 4-104 км (Орал қаласы – РФ шекарасы).
Жетісу облысы:
- «Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы» тасжолының 84-164 км (Көктұма ауылы – Достық станциясы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» тасжолының 846-856 км (Ақмола облысы шекарасы – Тахтабұлақ ауылы бұрылысы).
Қазіргі уақытта жолдарды тазарту және көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 161 арнайы техника мен 306 маман жұмылдырылған.
Жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын тексеріп, қажетті сақтық шараларын ұстану ұсынылады.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.04.2025, 09:37
Мұхтар Шахановтың отбасы тағы да қара жамылды
18.04.2025, 21:52
«Өзімнің құқығымды қорғаймын»: танымал журналист экс-әйелімен соттасып жатыр деген сынға жауап берді
18.04.2025, 10:34
«Басыңа күн туғанда достар қашады»: Мақпал Жүнісова концертте жан сырын ақтарып, ағынан жарылды (ВИДЕО)
18.04.2025, 13:08
Алматы дәрігерлері қырық жастағы ер адамның өтінен 5499 тас алып шыққан
Редактордың таңдауы
18.04.2025, 14:00
Серік Жұманғарин Ауғанстанға барады: Қазақстан бұл елде көрме өткізбек