23.02.2025, 11:36
Жаңалықтар
Синоптиктер төрт қала тұрғындарына далада ұзақ серуендемеуді ұсынды
Бұл қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com
Синоптиктер 23 ақпанда Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауа сапасының нашарлайтынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, бұл қалаларда қолайсыз метеожағдайлар күтіліп, ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы артуы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
- Ашық ауада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтарға жақын жерлерде жүруден бас тарту.
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден аулақ болу.
- Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға таза ауаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру.
- Ашық ауада ауыр физикалық жүктемеден бас тартып, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады