$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Спорт мектебінің басшылары 12 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға тігіп жіберген

Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Спорт мектебінің басшылары 12 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға тігіп жіберген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақтөбе облысында спорт мектебінің басшылары 12 млн теңге бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерге барып, тігіп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс болған қаражатты екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтады.

«Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған.

Аталған фактілер бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді.

Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары