$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында жолдардың қары күрелмегені үшін әкім істі болды

Облыстық ПД осыған қатысты мәлімдеме жасады

Абай облысында жолдардың қары күрелмегені үшін әкім істі болды
Көрнекі фото: freepik.com

Абай облысында жолдардың қары күрелмегені үшін әкім жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Абай облысында жолдарды күтіп-ұстау талаптарының бұзылуы анықталды.

«Жолдың жүріс бөлігін қардан уақытылы тазартпау фактісі бойынша өңірдегі елді мекендердің бірінің әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған факт Абай облысы бойынша Президент саясатын қолдау орталығының филиалы өкілдерімен бірлескен жұмыс барысында тіркелді. Абай облысы Полиция департаменті жолдарды уақытылы тазарту, әсіресе қыс мезгілінде, жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі үшін маңызды екенін еске салады.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін факторларды анықтауға және жоюға бағытталған. Ол өңірде 21 ақпанға дейін жалғасады», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары