$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Кипр сотталған адамдарды бір-біріне беретін болды

Дегенмен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірсе, беруден бас тартуы мүмкін

Қазақстан мен Кипр сотталған адамдарды бір-біріне беретін болды
Фото: istockphoto.com

Мәжіліс Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2024 жылғы 25 наурызда Астана қаласында жасалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, тараптар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды өз елінде (азаматтығы бар) жазасын одан әрі өтеу үшін бір-біріне беруге міндеттеледі.

Сотталғандарды беру үшін үш негізгі шарт сақталуы тиіс:

  • сотталған адамда екі елдің бірінің азаматтығы болуы;
  • сотталған адамды беруге қатысты оның өзінің ерікті келісімі;
  • сотталған адамның әрекеті екі елде де қылмыс деп танылуы керек.

«Егер үкім шығарушы тарап оны ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деп есептесе, сотталған адам үкім бойынша залалды өтемеген болса, үкім шығарушы тарап жағында сотталушыға қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылса, беруден бас тартуы мүмкін», - делінген Мәжіліс хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары