Ластаев FlyArystan әуе компаниясынан жәбір көрген жолаушыларға ақыл айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол кез келген мәселе бойынша авиация комитетіне жүгіну керек дейді

Фото: shutterstock.com

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев еліміздегі әуе компанияларына қанша айыппұл салынғанын айтып, FlyArystan  әуе компаниясынан теперіш көргендерге кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әрбір шағым мен өтінішке тергеу жүргіземіз. Былтыр 14 айыппұл салынды. Жолаушылардың құқығын қорғау мақсатында әуе компанияларын жауапкершілікке тартамыз. 40 млн теңге айыппұл салынды. Оның ішінде  FlyArystan әуе компаниясы да бар. Бірақ бұдан бөлек әлеуметтік желіде, БАҚ-та осындай мәселелер шықса, оны да назарға аламыз. Себебі ол да өте маңызды», - деді ол.

Ластаев FlyArystan әуе компаниясынан әділетсіздік көрген жолаушыларға кеңес берді.

«Азаматтық авиация комитетіне арыз жазса, ресми түрде тергеу жүреді. Кейін FlyArystan компаниясын тергеп, әрі қарай жұмыс істейміз», - деді Талғат Ластаев.

Еске салсақ, бұл компания жолаушыларға қатысты бірнеше рет заң бұзып, сотқа іліккен. Жуырда қызын рейске мінгізбегені үшін анасы компаниядан қомақты қаржы өндіріп алды.