FlyArystan 12 жастағы қыздың анасына 5 млн теңге өтемақыны толық өтеп бітті
Ақшаны FlyArystan еншіле иесі «Air Astana» компаниясы төлеген
Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстандағы ірі әуе тасымалдаушы компания FlyArystan компаниясының ұшағы 12 жастағы қыз баланы бортқа кіргізбей, Астана әуежайына тастап кеткен еді. Компанияны сотқа берген қыздың анасы істі жеңіп шығып, күні кеше 5 млн теңге көлемінде өтемақысын толық өтеп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы отбасының адвокаты Дәнілхан Шағатаев мәлім етті.
«Жақсы жаңалықты айта кетейін. Баланың анасы сот шешімі бойынша 5 млн теңге көлеміндегі өтемақыны толық алды. Оның ішінде сот шығындарына кеткен шығындар бар. «Air Astana» компаниясы сот шешімін міндеттемей-ақ толық өтеп берді», - деп жазды адвокат.
Адвокаттың айтуынша, «Air Astana» компаниясы жалпы сомасы 8 692 000 теңге шығынға ұшыраған.