$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында білім беру орталығының бухгалтері мұғалімдердің жалақысын өзіне аударып алған

Бухгалтердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында білім беру орталығының бухгалтері мұғалімдердің жалақысын өзіне аударып алған
Фото: depositphotos.com

Қызылорда облысында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді. Нәтижесінде «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.

«Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары