18.02.2025, 16:58
Жаңалықтар
Астанадан Павлодарға шығып, жоғалып кеткен бір отбасы табылды
Олар күні Астанадан Павлодарға 10 ақпан күні жолға шыққан
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Бірнеше күн бұрын Астанадан Павлодарға шығып, жоғалып кеткен бір отбасы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың 10 ақпанында Астанадан Павлодарға қарай бет алған 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласы жоғалып кеткені хабарланған.
«Павлодар қаласы бойынша іздеу салу» еріктілер ұйымының мәліметіне сүйенсек, Бейбіткүл Мұхамеджанованың ұлы Бауыржан Смағұлов 44 жаста, ал, қызы Әлия Мұхамеджанова 39 жаста.
«VITA» ДПО волонтерлері із-түзсіз кеткендерді іздеу туралы хабарландыруларды жапсыру кезінде және Орталық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жалдамалы пәтерлерді тексеру барысында тапты», - деп жазды павлодарлық еріктілер ұйымы.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды