«Заң және Тәртіп»: бір айда қылмыскерлерден 800 келіден астам есірткі тәркіленген
Оның 29 келісі синтетика болған

Ішкі істер министрлігі қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтық санасын арттыру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Введомствосы осы қағидатты іске асыру жолында маңызды қадам жасады - алғаш рет Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды.
Ұйым құрамында азаматтық қоғам өкілдері бар. Бұл олардың алдын алу іс-шараларына белсенді қатысуына мүмкіндік береді, сондай-ақ мәселенің өңірлерде шешілуіне септігін тигізеді. Мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру үлкен маңызға ие.
Ішкі істер министрлігі жанынан құралған есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңестің алғашқы жұмыс отырысы өтті.
«Іс-шара ұлттық деңгейде есірткі қылмысына қарсы күрес және профилактиканы күшейту мен нығайту аясында өткізілді. Отырыста кеңестің жұмыс жоспары, сондай-ақ өңірлерде ұқсас кеңестерді құру мүмкіндіктері талқыланды. Бұл жергілікті жерлерде күш пен құралдарды тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Жұмыс бағыты айқындалып, есірткі қылмыстарының алдын алу және жас ұрпақты есірткі ортасына тарту факторларын болдырмау бойынша шаралар нақтыланды», - деп атап өтті ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті басқарма бастығының орынбасары Сергей Ильиных.
Жалпы кеңестің жұмысы профилактиканы жүргізумен қатар, оған қоғам мен мемлекеттік органдардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2025 жылдың қаңтар айында полиция 700-ден астам есірткі құқық бұзуын анықтады, есірткі жарнамасы бар 1257 есірткі сайттары бұғатталды, оның ішінде 15 дроп-карт бар. Сонымен қатар есірткі туралы ақпарат тарататын 76 арна мен боттар жойылды. Бір ай ішінде 800 келіден астам есірткі заты тәркіленді, оның ішінде 29 келі синтетика және 5 тонна прекурсор бар.