$ 499.76  521.7  5.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадан Павлодарға жол тартқан бір отбасы ұшты-күйлі жоғалып кетті

Олар 10 ақпаннан бері хабарсыз

Астанадан Павлодарға жол тартқан бір отбасы ұшты-күйлі жоғалып кетті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2025 жылдың 10 ақпанында Астанадан Павлодарға қарай бет алған 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласы хабарсыз кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy

«Павлодар қаласы бойынша іздеу салу» еріктілер ұйымының мәліметіне сүйенсек, Бейбіткүл Мұхамеджанованың ұлы Бауыржан Смағұлов 44 жаста, ал, қызы Әлия Мұхамеджанова 39 жаста. Үшеуі 10 ақпан күні Астанадан Павлодарға қарай бет алған, бірақ діттеген жеріне жеткен-жетпегені белгісіз.

«Олардың қайда екенін ешкім білмейді, байланысқа шықпаған», - деп жазады еріктілер.

Бейбіткүл Мұхамеджанова қара ұзын тон, қара шалбар, қара етік киіп жүрген. Қолында қою жасыл сөмкесі бар. Бауыржан Смағұлов қара күрте мен қара джинсы шалбар, қара тымақ және қара етік киген. Әлия Мұхамеджанлва да тізеге жететін қара тон, қара шалбар, ақ тымақ пен қара түсті етік киген.

Еріктілер бұл адамдарды көрген-білгендер болса, 102 нөміріне немесе мына адамдарға хабарласуын сұрайды.

Катерина +7 747 615 55 63,

Светлана +7 777 334 82 01.

Серіктес жаңалықтары