$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда кәсіпорынның ондаған гектар жері мен ғимараты заңсыз сатылып кеткен

Прокуратура заңсыз әрекетті анықтады

Алматыда кәсіпорынның ондаған гектар жері мен ғимараты заңсыз сатылып кеткен
Фото: aztm.kz

Алматыда ауыр машина жасау зауытының мүлкі заңсыз сатылып кеткен. Мәмілелер жарамсыз болып шықты. Кәсіпорын 80 мың шаршы метр аумағынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтаруды қамтамасыз етті

Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы Зауыт мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтаған болатын.

«Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау аясында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді.

Талап-арыздың мазмұны зауытқа 37 га астам жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 құратын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты.

Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары