Қазақстанда талай әйелді «арманына жетелеген» блогер 6 жылға сотталуы мүмкін
Сот оның талай қымбат мүлкін тәркімек

«Марафондар патшайымы» атанған Елена Блиновскаяның жалпы қарызы 1 миллиард рубльден асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
SHOT тілшісі сот залынан хабарлағандай, бастапқы 587 миллион рубль қарызға 350 миллион рубль көлемінде өсімпұл мен 226 миллион рубль айыппұл қосылған. Осылайша, жалпы төленуі тиіс сома шамамен 1 168 000 000 рубльге жетті. Бұл өсім сот Ресей Федералдық салық қызметін (ФНС) несие берушілер тізіміне енгізуінен кейін орын алды.
Бұған дейін Блиновская тергеу изоляторында болған кезде салық қызметіне 330 миллион рубльден астам қаражат төлеген. Бір кездері оның қарызы 587,6 миллион рубльге дейін төмендеген еді, бірақ салық органдары оның сомасын жаңартты.
Сонымен қатар, блогердің Мәскеу қаласы, Мәскеу облысы және Қырымдағы барлық мүлкі, сондай-ақ оның Bentley және Lamborghini көліктері арестке алынды.
Прокурор Елена Блиновскаяға 6 жылға жалпы режимдегі колония жазасын өтеп, 1,5 миллион рубль айыппұл салуды және 5 жылға коммерциялық қызметпен айналысуға тыйым салуды сұрады.