$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бірнеше қаласында радикализмді насихаттағандар қолға түсті (ВИДЕО)

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді

Қазақстанның бірнеше қаласында радикализмді насихаттағандар қолға түсті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Қазақстанның бірнеше қаласында радикализм мен терроризмді насихаттағандар қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК мәліметінше, 2025 жылғы 17 ақпанда прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті.

«Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#терроризм #ҰҚК