$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда балабақшалар 50 млн теңгеге сүт, 19 млн теңгеге картоп сатып алмақ болды

Прокуратура осыған қатысты мәлімдеме жасады

Павлодарда балабақшалар 50 млн теңгеге сүт, 19 млн теңгеге картоп сатып алмақ болды
Фото: istockphoto.com

Павлодарда балабақшалар сүт пен картоп үшін миллиондаған теңгені артық төлемек болды. Прокуратура күмәнді мемлекеттік сатып алуларды тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратура қалалық балабақшалардың азық-түлік өнімдерін жоғары бағамен сатып алу фактілерінің жолын кесті.

«№23 бөбекжай мемлекеттік сатып алу порталында 18 000 литр сүт 50 620 500 теңгеге, яғни литрі 2 812 теңгеден сатып алу туралы хабарландыру жарияланған. Осыған ұқсас сүттің орташа бағасы (майлылығы – 2,5%) литріне 345 теңгені құрайды.

№23 бөбекжай-бақшаның 2 812 теңгеге бір литр сүт сатып алу үшін 44 410 500 теңге көлемінде бюджет қаржысын артық және негізсіз жұмсауға себеп болып отыр.

Басқа жағдайда, №102 бөбекжай жалпы сомасы 19 455 783,6 теңгеге немесе 1340 теңге/кг-ға салмағы 14 520 кг картоп сатып алмақ болған.

Ал қала дүкендерінде картоп 120 теңге/кг (әлеуметтік баға) және жекеменшік дүкендерде 380 теңге/кг бағаға сатылады», - делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, жоғарыда аталған өнімдерді сатып алуға тыйым салынды, азық-түлікті сатып алу бағасы төмендетілді, ал кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары