Жазда басқа жігіт сөз салған: президенттің жиені Париж олимпиадасына қатысқан балуанға ұзатылды (ВИДЕО)
Жазда осы бойжеткенге ұсыныс жасаған жігіттің әрекеті Қырғыз елінде қатты талқыланған

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Ләззат Нұрқожаева Олимпиада құрамасының мүшесі, грек-рим балуаны Амантур Исмаиловқа тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр. Күні кеше ол ұзатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қыз ұзату рәсімі Бішкектегі мейрамханалардың бірінде өткен. Салтанатты үйлену тойы 21 ақпанға жоспарланған.
Таралған бейнежазбада Амантур Исмаиловтың қалыңдығын үйінен алып кеткен сәті бар. Кадрлардан Қырғызстан президентінің ағалары – Сабыр Жапаров пен Ләззат Нұрқожаеваның әкесі Доолот Жапаровты көруге болады.
Айта кетейік, президентке күйеу бала болып отырған Амантур Исмаилов – халықаралық дәрежедегі спортшы. Ол грек-рим күресінің шебері.
2018 жылы Азия ойындарының қола жүлдегері,
2019 жылы 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері,
2022 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.
Париж-2024 Олимпиадасында 67 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. 1/8 финалда Грузия спортшысын жеңгенімен, ширек финалда Украина балуанына жол берген. Қола медаль үшін өткен белдесуде Амантур Исмаилов Әзірбайжан спортшысы Хасрат Джафаровпен күресіп, 0:8 есебімен жеңіліп, бесінші орынға ие болды.
Еске салсақ, Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың немере қарындасы Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті жазда тікұшақпен сөз салып, қырғыз қоғамын шулатқан еді. Кейін Афтандил Сабырбеков ұсталып, екі жас екі жаққа кетеді. Араға жарты жыл салып Ләззат Нұрқожаева спортшы жігітке тұрмысқа шықты.