Қазақстанда 17 ақпан күні ауа райы қандай болады
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

«Қазгидромет» РМК 17 ақпанға Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, бұрқасын болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-11°C, күндіз -3...-5°C.
Алматыда жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C.
Шымкентте күн бұлтты, құрғақ. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +7...+9°C.
Ақтауда жаңбыр жауып, екпінді жел 9-20 м/с. Температура +3…+5°C.
Ақтөбеде қар жауып, жаңбыр жауып, жел 20 м/с-қа дейін жетеді. Температура -4…-6°C.
Атырауда күн бұлтты, жауын-шашын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1...-3°C.
Қостанай мен Петропавлда қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде -6...-14°C, күндіз -1...-4°C.
Павлодар, Семей қалаларында жауын-шашынсыз, жел 2-10 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-19°C, күндіз -3...-8°C.
Қызылорда, Тараз, Түркістан қалаларында күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +4...+8°C.
Өскемен, Талдықорған, Қарағанды қалаларында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -10...-16°C, күндіз -1...-6°C.