Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
Құқық бұзушы Ақсай қаласының тұрғыны екені анықталды
Батыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Бөрлі ауданының Ақсай қаласында тәртіп сақшылары түнгі клубтардың бірінің қасында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Бұл азамат қоғамдық орында балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
«Құқық бұзушы Ақсай қаласының 22 жастағы тұрғыны Әсет Кеңесов екені анықталды. Cот шешімімен ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады», – делінген ведомство хабарламасында.