Жамбыл облысында ер адам ауыл маңына есірткі егіп, 123 кг зиянды өнім жинап алған (ВИДЕО)

Полицейлер 123 келі есірткіні сатпақ болған тұрғынды ұстады

Жамбыл облысында ер адам ауыл маңына есірткі егіп, 123 кг зиянды өнім жинап алған (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Тасөткел ауылы маңындағы құмды алқапта есірткі өсімдіктерін жинап жүрген азаматты анықтады. Ол сол аумаққа екі палатка құрып, қаптармен есірткілерді жинап отырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, барлығы 123 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Сондай-ақ қолғаптар, орақ және т.б. құралдар алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамаққа алынды.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайды жан-жақты, толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.