Баспаналы болатындар саны 3 есе артады: Отбасы банкі қуанышты жаңалықты бөлісті

Отбасы банкі процестерді цифрландыру есебінен кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу қарқынын үш есеге арттырды

Баспаналы болатындар саны 3 есе артады: Отбасы банкі қуанышты жаңалықты бөлісті
Фото: Үкімет

Ұлттық даму институты мәртебесінде жұмыс істеген алғашқы жылы 23,5 мың отбасы пәтер кілтін алды. Бұл туралы Үкімет отырысында «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жыл соңына дейін құны 130 млрд теңге болатын тағы 8812 кредиттік пәтерді бөлу жоспарлануда. Цифрландырудың арқасында біз жыл сайынғы тұрғын үйді бөлу қарқынын үш есеге арттырдық. Салыстыру үшін айтсам: бұрын әкімдіктер жылына 7 мыңға жуық пәтер бөлетін, ал бұл жұмыспен жалпы саны 700 қызметкер айналысатын еді. Отбасы банкінде мұны тек 20 маман ғана шешеді», - деді Ләззат Ибрагимова.

Барлығы 1,5 жыл ішінде Отбасы банкінің қолдауымен кезекте тұрған 40 мың отбасы тұрғын үй алды.