Дайын аспен тамақтанған 50-ден астам құрылысшы уланды
Жаңа ақпаратқа сенсек, зардап шеккендердің саны 70-ке жуықтаған

Мәскеудегі «РБК сервис» қонақүйінде жаппай улану тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Барлық зардап шеккендер бір жеткізушіден алынған дайын тағамды тұтынған. 50-ден астам адам уланған, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, алайда көп ұзамай тағы 20 адам ауруханаға түсті.
Mash басылымының хабарлауынша, құрысшылар «Обручева 30» тұрғын үй кешенін салумен айналысқан. Оларға 13 ақпан күні кешке сорпа мен тауық еті берілген. Алайда тамақтан кейін жатақханада жаппай улану белгілері – жүрек айну, құсу және диарея байқала бастаған.
Бірінші топ жұма күні таңертең ауруханаға жеткізілсе, екінші топ – Миклухо-Маклая көшесіндегі басқа жатақханада тұрып, бірнеше күн бойы өзін-өзі емдеуге тырысқан. Алайда кейін олардың да жағдайы күрт нашарлап, жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, уланудың себебі алтын түсті стафилококк бактериясы болуы мүмкін. Бұл бактерия ұзақ сақталатын дайын құрғақ тағамдарда көбейе алады.
Зардап шеккендерге азық-түлікті «Енидем» ЖШҚ компаниясы жеткізген. Қазіргі таңда уланудың нақты себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу жүргізілуде.