17.02.2025, 02:04
Жаңалықтар
Мергендер де жарады: нысана көздеуден Азия Кубогында еліміз 14 медальмен көш бастап тұр
Ел қоржынына 5 алтын, 6 күміс, 3 қола салынды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте көш бастап тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бір апталық жарыс нәтижесінде қазақстандық спортшылар 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль:
- Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) – 10 м, пневматикалық винтовка
- Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) – 10 м, пневматикалық винтовка
- Олег Носков (жасөспірімдер) – 10 м, пневматикалық винтовка
- Кирилл Цуканов (жасөспірімдер) – 10 м, тапанша
- Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) – 10 м, тапанша
Күміс медаль:
- Ислам Сәтпаев – 10 м, пневматикалық винтовка
- Валерий Рахымжан – 10 м, тапанша
- Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)
- Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) – 10 м, тапанша
- Қазақстан әйелдер құрамасы (Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова) – 10 м, тапанша (жасөспірімдер)
- Қазақстан ерлер құрамасы (Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким) – 10 м, тапанша (жасөспірімдер)
Қола медаль:
- Александра Ле – 10 м, пневматикалық винтовка
- Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) – 10 м, пневматикалық винтовка
- Кирилл Федькин (жасөспірімдер) – 10 м, тапанша
Айта кетейік, биыл Азия Кубогына 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыс 22 ақпанда аяқталады. Қазіргі таңда жалпы есепте 3 алтын медалі бар Сингапур екінші орында келеді.
Көп оқылған
04.05.2026, 13:32
«Артыңа ағаш тығамыз»: Степногорскте бір топ бала жабылып, 1-сынып оқушысын ұрып кетті
04.05.2026, 12:23
Ирандық инвесторлар Қазақстандағы ірі агрожобаларға миллион долларлап ақша құятын болды
04.05.2026, 15:59
Астанада қайғылы жағдай: аула ішінде 2 жасқа толмаған бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО)
04.05.2026, 16:45
Аптап ыстық күндер келе жатыр: алдағы үш тәулікте ауа райы 36 градусқа дейін барады
04.05.2026, 09:41
Алматы әуежайында шетел азаматы ірі көлемде есірткімен ұсталды: ол өмір бойына сотталуы мүмкін
04.05.2026, 11:56
Үкімет Риддердің жылу жүйесін жөндеу үшін 1,8 млрд теңге бөлетін болды