Халық медицинасына сенген отбасы баласынан айырылды
Сонымен қатар баланың ата-анасы еттен бас тартып, қатаң вегетариандық диета ұстанған

Санкт-Петербургте ата-анасы дәрігерлік көмектен бас тартқан алты жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy SHOT басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бала кешкі уақытта кенеттен ауырып, тұншығып, есінен танып қалған. Ата-анасы Сергей мен Валентина «Дружный-1» саяжай серіктестігіне жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер келген кезде тек бала өлімін тіркеді.
Тергеу барысында отбасының дәстүрлі медицинадан мүлдем бас тартқаны анықталды. Анасы қатерлі ісіктен қайтыс болған соң, баланың әкесі дәрігерлерге сенбей, кез келген ауруды тек шөппен емдеуді жөн көрген.
Бала бір ай бойы кеуде қуысының ауыруына және ұстамаларға шағымданған, бірақ оған дәрі-дәрмек орнына жалбыз, қалақай және зәйтүн қайнатпалары берілген. Сонымен қатар ата-анасы қатаң вегетариандық диета ұстанған, ал бала туғанынан бері дәрігерлерге қаралмаған.