16.02.2025, 00:15
Жаңалықтар
Қарағанды – Теміртау тасжолында жол апаты: бір адам қаза тапты
Жол апаты Қарағанды – Теміртау тасжолының 1-шақырымында болды
Фото: видеодан кадр
Төрт жолаушысы бар «ПАЗ» автобусы HOWO жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Салдарынан автобус жолаушыларының бірі – 26 жастағы жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жұмысшыларды карьерге вахтаға апара жатқан.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Қарағанды облысының қоғаммен байланыс департаменті.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды