Қарағандыда ломбард директоры миллиард теңге жымқырған
Ол өз сыбайластарымен бірге серіктестіктің қаражатын қолды қылған

Құқық қорғау органдары Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген ломбард филиалының бұрынғы директорын ұстады. Ол 1 миллиард теңгені жымқырды және ысырап етті деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Тергеу мәліметінше, Шымкенттегі ломбард филиалының директоры қызметінде болған кезде, ол өз сыбайластарымен бірге серіктестіктің қаражатын жымқырған. Осыған байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүргенер адамды құрықтады. Ол 2023 жылдың қарашасында өзін кәсіпкер ретінде таныстырып, тендерге қатысу арқылы жақсы пайда түсіремін деп уәде беріп, жәбірленушіден 76 миллион теңге мен Lexus 570 автокөлігіналып кеткен.
Сонымен қатар Маңғыстау облысында, «Бейнеу» теміржол станциясында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Оны Атырауда 19 миллион теңгенің тауарын ұрлады деген айыппен іздестірген.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.